173 Арман
Фотосурет: СР
Қар аязмен алмасады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар шығысқа қарай баяу жылжып, ауа-райының тұрақсыз сипатын еліміздің басым аумағында сақтайды, жауын –шашын басым қар түрінде жауады, Қазақстанның шығысында қатты қар, ал оңтүстігінде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, таулы аймақтарда — қатты жауын-шашын күтіледі. Республика аумағында бұрқасын, көктайғақ, батыста және оңтүстікте тұман болады деп болжануда. Бірақ 7 қаңтарда суық арктикалық антициклон еліміздің батысына жылжи бастайды, сонымен байланысты жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасы батыста, одан кейін еліміздің қалған бөлігінде күрт төмендеуі күтіледі. Термометрлердің бағандары батыста, орталықта 20-28 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте 25-33 аязға дейін, шығыста 5-13 аязға дейін, ал еліміздің оңтүстігінде 0-10 аязға дейін төмендеуі күтіледі.
Источник: qazaq.asia