Қазақстан биржаларында экспорттаушылар мен тауар өндірушілерді қандай пайда күтеді?

Қазақстан биржаларында экспорттаушылар мен тауар өндірушілерді қандай пайда күтеді?

146 Awrora

Фотосурет: freepik

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тауар биржаларын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін биржалық сауда мәселелері бойынша жаңа заң жобасы әзірленді.

Онда биржаларға қойылатын реттеуші талаптарды күшейту, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу рәсімдерін айналып өту мүмкіндігін болдырмау және бизнес үшін тауар биржаларына шығу бойынша кедергілерді жою шараларын қарастырады.

«Министрлік биржалық тауарлардың тізімін қалыптастырады. Солардың ішінен әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарларды бөліп көрсетуді ұсынамыз. Оған көмір, бидай, мұнай өнімдері және бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары кіретін болады. Аталған тауарлардың энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін ескере отырып, олардың саудасы арнайы Тізбеге енгізілген тауар биржаларында ғана жүзеге асырылатын болады. Тауар биржаларының тізбесі конкурстық негізде Үкіметтің шешімімен айқындалады» Арман Шаққалиев 

Оның айтуынша, бұл осындай тауарларға ашық баға белгілеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ ел ішінде де, сыртқы экономикалық қызметте де (экспорт/импорт) тауар ағындарын қадағалауға мүмкіндік береді.

В качестве стимулов выхода на биржу предлагается: для отечественных производителей СЗПТ – применить метод зачета при уплате НДС; для национальных экспортеров – ввести упрощенный порядок возврата НДС до 5 дней; совместно с КТЖ пересмотреть ж/д тарифы на логистику в случае заключения биржевой сделки.

Биржаға шығуға ынталандыру ретінде:

  •  ӘМАТ-тың отандық тауар өндірушілері үшін – ҚҚС төлеу кезінде есептеу әдісін қолдану;
  •  ұлттық экспорттаушылар үшін – ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібін енгізу, мысалы, 5 күнге дейін;
  •  сондай-ақ, ҚТЖ-мен бірлесіп биржалық мәміле жасалған жағдайда логистикаға арналған т/ж тарифтерін қайта қарау ұсынылады. 

Стандартталмаған тауарларды, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алу бойынша СИМ оларды сатып алуды мамандандырылған электрондық сауда алаңдарына көшіруді ұсынады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика