Қазақстан банктері: мемлекеттік қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану

Қазақстан банктері: мемлекеттік қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану

113 Арман

Фотосурет: Yevgeniy Sambulov/CP

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру үшін мемлекет бюджетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе мерзімсіз) қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивидендтер есептеу, сондай-ақ меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізу талаптарын бекіту туралы» Басқарма қаулысының жобасын әзірлегенін хабарлайды.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-2-тармағына сәйкес әзірленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қаулы жобасы қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру үшін мемлекет бюджетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты (бұдан әрі – мемлекет қаражаты) пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе мерзімсіз) қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивидендтер есептеу, сондай-ақ меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізу талаптарын белгілейді.

Көрсетілген талаптар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бөлінбеген пайданы айқындау күнгі жағдай бойынша баланстық және (немесе) баланстан тыс есебінде мемлекет қаражаты бар екінші деңгейдегі банкке қолданылады.

Қаулы жобасы банктердің мемлекет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануына, сондай-ақ банктерді мемлекеттік борышты тезірек қайтаруға ынталандыруға бағытталған.

Жобаның шекарасында бөлінбеген пайданы қалыптастыру кезінде қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) қалыпқа келтіру үшін мемлекет қаражаты пайдаланылатын басқа банктің акцияларын сатып алуға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастыруға байланысты бөлінбеген пайданы ұлғайтуға оң әсер еткен, қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) қалыпқа келтіру үшін мемлекет қаражаты пайдаланылатын банктің капиталына өзгерістер қосылмайды

Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика