Қазақстан азаматы алаяқтық қоңыраулар ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды

Қазақстан азаматы алаяқтық қоңыраулар ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды

179 rob

Фотосурет: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен трафиктің және телефондық байланысулардың заңсыз өтуін ұймыдастыруда күдікті Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тергеу болжамы бойынша, онымен шетелдік қаскүнемдерге алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстанға өздерінің қоңырау шалуларын жасыруға мүмкіндік беретін қызметі көрсетілген.

Бұл операциялар шетелдік нөмірлерді қазақстандыққа ауыстыратын арнайы құрылғыны және зиян келтіретін бағдарламалық қондырғыларды пайдалана отыра жүзеге асырылған.

Нәтижесінде, күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтіре отырып үстеме пайда алған, ал шетелдік алаяқтар оның қызмет көрсетуін пайдалана республиканың тұрғындарын алдаған.

Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Тек соңғы 3 жылда 43 миллиард теңге сомасы шамасында залал келтірумен 59 мың интернет-алаяқтық фактілері тіркелген.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика