184 rob
Фотосурет: Akorda
Тоқаев жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға тыйым салатын заңға қол қойды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Akorda
Аталған құжат азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейтуге, сондай-ақ оларды қылмыстық әрекеттерден қорғауға бағытталған. Заң бойынша жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салынады. Еліміздің қауіпсіздігі мақсатында көшіп келушілердің құжаттарын талап ету ұсынылады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жаңа тетіктер енгізіледі.
Сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік орталығының функциялары кеңейтіледі. Орталық мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріне өзара әрекеттесу бағдарламасымен толықтырылады. Қазір еліміз бойынша 350-ге жуық мемлекеттік ақпараттандыру нысандары жұмыс істейді. Орталық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жанында жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар алаяқтық әрекеттерден қорғау мақсатында адамдарға «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығы беріледі. Жалпы заңдағы іс- шаралар кешені мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздігін күшейтіп, электронды үкіметтің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Источник: qazaq.asia