Қазақстан қаржы ұйымдарын бақылауды күшейтуде

Қазақстан қаржы ұйымдарын бақылауды күшейтуде

145 Арман

2023 жылғы қарашада Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың тұтынушылық қарыз бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы өтініштерін қараумен және олардың борыш жүктемесін төмендету шараларын қабылдаумен байланысты болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2023 жылғы қарашада Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 5 824 өтінішін қарады, бұл 2023 жылғы қазанмен салыстырғанда 23,1%-ға көп.

Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына тиесілі – өтініштердің жалпы санының 49,3%-ы. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштер өтініштердің жалпы санының 30,7%-ын, коллекторлық агенттіктердің 7,2%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 2,0%-ын, өзге ұйымдардың 6,6%-ын, қаржы ұйымының атауын көрсетусіз 4,2%-ды құрады.

Агенттік 2023 жылғы қарашада 10 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 45 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 11 хаттама бойынша 3,7 млн теңге жалпы сомаға 9 әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:

  • банктерге – 10 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 3 хаттама бойынша 1 380 мың теңге жалпы сомаға 2 әкімшілік жаза;
  • коллекторлық агенттіктерге – 1 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 8 хаттама бойынша 2 311,5 мың теңге жалпы сомаға 7 әкімшілік жаза;
  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға – 44 жазбаша ұйғарым қолданды.

Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалу және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.

Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктер 199,3 млрд теңге сомаға 32,3 мың қарызды қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігінің шеңберінде банктер 137,6 млрд теңге сомаға 14,0 мың валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды айырбастау/қайта қаржыландыру 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Бағдарламаның үшінші бөлігінің шеңберінде 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктер 10,6 мың ХӘОТ-қа жататын қарыз алушыға 79,7 млрд теңге сомаға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түріндегі қосымша көмек 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін көрсетіледі.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика