192 rob
Фотосурет: Үкіметінің Баспасөз қызметі
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін өткен брифинг барысында заңсыз иемделінген және елден шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жұмыс туралы айтып берді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Премьер-Министр активтерді қайтару жөніндегі жұмыс қабылданған заңға сәйкес жүріп жатқанын және ол Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларының қисынды жалғасы екенін атап өтті. Негізгі міндет – әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, активтерді қайтару және оларды республика экономикасына жұмыс істеуге бағдарлау.
«Екі жолы бар – ерікті және мәжбүрлі түрде, олар сот шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Заңның күші жүретін адамдар тобы анықталған. Бұл – әкімшілік ресурстарды пайдаланып, активтерді заңсыз иемденген адамдар. Адал бизнеске алаңдауға негіз жоқ» Әлихан Смайылов
Үкімет басшысының айтуынша, қайтарылған қаражат әлеуметтік саладағы маңызды жобаларды, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
«Бүгінгі таңда шамамен 1 трлн теңгенің активтері қайтарылды. Оның ішінде шамамен $600 млрд-ы шетелден қайтарылып отыр. Бұл жұмыс жалғасуда» Әлихан Смайылов
Источник: qazaq.asia