255 rob
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ақтауда қазақ күресінен өткен Қазақстан чемпионатында Орталық спорт клубының спортшылары төрт алтын, бір күміс және төрт қола медаль алды, деп хабарлайды DKNews.kz.
500-ге жуық балуан қатысқан жарыста ерлер 55 келі мен 100 келіден артық салмақ дәрежесінде белдессе, әйелдер 48 келі мен 77 келіден артық салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
Армия спортшылары жақсы нәтиже көрсетті. Тартысты өткен соңғы кездесуде төрт спортшымыз сенімді жеңіске жетті. Енді біздің балуандарымыз қазақ күресі бойынша Әлем, Азия чемпионаттарына және Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарына дайындықты күшейтеді Орталық спорт клубының қазақ күресінен команда бастығы Асан Мәмбетқұлов
Жарыс қорытындысы сәйкес әскери қызметші аға лейтенант Марат Байқамұров, Қарулы күштердің қызметкерлері Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков және Ерсұлтан Мұзаппаровтар ОСК қоржынына алтын салды. Спорт ротасының сарбазы Ернұр Сүлеймен күміс медаль иеленді. Қола медальмен аға лейтенант Зәмзагүл Файзолланова, сарбаз Рауан Алтынбек, Қарулы күштердің қызметкерлері Абылай Бейсен мен Бибарыс Әбдіғани марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған ұлттық құрама құрылатынын атап өткен жөн.
Источник: qazaq.asia