Ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымдық инновациялар: «Ауыл — ел бесігі»жобасы

Ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымдық инновациялар: «Ауыл — ел бесігі»жобасы

240 rob

Фотосурет: ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Өңірге жұмыс сапары барысында Б.Омарбеков «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың сапасын бағалады. Атап айтқанда, ол Осакаров ауданы Озерное ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пунктке барды. Жобаның құны 162,3 млн. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сондай-ақ, аталмыш бағдарлама бойынша 262 млн. теңгеге жолдарды орташа жөндеу, 653 млн. теңгеге мектеп ғимаратын және 134,6 млн. теңгеге ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Бұдан бөлек, вице-министр әкімдік ғимаратында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Шараға қатысушылар әлеуметтік нысандарды жөндеу және салу, газбен жабдықтау, жолдарды жөндеу мәселелерін көтерді.

Өз кезегінде вице-министр азаматтар көтерген барлық мәселелер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Бұқар Жырау ауданы Баймырза ауылында Б.Омарбековке «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі таныстырылды.

Бағдарлама аясында ауылдың 8 көшесінде 2021 жылы 104,7 млн. теңгеге ауылішілік жолдардың орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жалпы, өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша облыстың 21 ауылында 42 жобаны (оның ішінде 22 әлеуметтік нысан, 20 ауылішілік жол) іске асыруға 3,5 млрд.теңге бөлінді. Ағымдағы жылы 3,6 млрд.теңгеге 12 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика