«Ауыл – ел бесігі» : Абай ауданында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт іске қосылды

«Ауыл – ел бесігі» : Абай ауданында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт іске қосылды

218 rob

Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Абай ауданында, Юбилейное ауылында 1093 адамға қызмет көрсететін заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт іске қосылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жаңа ғимарат ыңғайлы жиһазбен және мүмкіндігі шектеулі науқастарға арналған қоңырау түймесімен жабдықталған.

ФАП «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы аясында салынған. Бұған дейін ауыл тұрғындары медициналық қызметті 1971 жылы салынған бейімделген ғимаратта алып жүрген.

– Бұрын ФАПта жағдай болған жоқ. Пациенттер тар дәлізде кезек күтетін. Жаңа ғимарат өте кең, жайлы, ыңғайлы, киім шешетін бөлмесі бар, – деді жергілікті өзін-өзі басқару төрағасы Лидия Кузнецова.

Жаңа ғимаратта химизатордың, фельдшердің, егу-қарау кабинеттері мен бөлмелері жабдықталған, жуынатын бөлме де бар. Кабинеттер сапалы алғашқы медициналық көмек көрсету, тұрғындарды иммундау, талдау алу үшін қажет құралдармен жабдықталған.

– ФАП бір ауысымда 10 емделуші қабылдауға есептелген. Онда пациенттер дәрігерге дейінгі және алғашқы медициналық-санитарлық көмек ала алады. Халыққа фельдшер, акушер, медбике, сондай-ақ жалпы практика дәрігері қызмет көрсетеді, – дейді Абай аудандық ауруханасының директоры Айгүл Башекова. – Жиһазбен бірге ФАП жабдықтары да жаңартылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін пандус, шақыру түймесі және қозғалыс индикаторы орнатылған.

Алдағы жылдары Абай ауданының ауылдарында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша тағы сегіз медициналық мекеме салу жоспарланған.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика