Аумақтық қорғаныс: Қазақстан қауіпсіздігін дамытудағы жаңа қадамдар

Аумақтық қорғаныс: Қазақстан қауіпсіздігін дамытудағы жаңа қадамдар

230 rob

Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов пен ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның қатысуымен жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қорғаныс министрлігі басшылығының өкілдері мен депутаттар азаматтарды мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барынша кеңінен тартуға бағытталған іс-шараларды қамтитын аумақтық қорғаныстың жұмыс істеуін жетілдіру және құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Аумақтық қорғанысты нығайту әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық бағдарламалық құжаттарда өзектілігі айқын көрсетілген. Бұл мәселелерді Президент бүкілармиялық кеңесте де атап өткен болатын.

Отырысқа қатысушылар «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Заң жобасын және аумақтық қорғанысты дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу барысын қарады.

Іс-шара қорытындысы бойынша заңнамалық тұрғыда іске асыру үшін қосымша пысықтауды талап ететін негізгі аспектілер айқындалды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика