Қауіптің басталуына дайындықты арттыру: азаматтық қорғау академиясындағы дәрістер

Қауіптің басталуына дайындықты арттыру: азаматтық қорғау академиясындағы дәрістер

215 rob

Фотосурет: Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы

2023 жылғы 13-14 желтоқсан аралығында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері бітіруші курс курсанттарымен сел, көшкін және қар көшкіні қаупінің алдын алу бойынша дәрістер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Төтенше жағдайлардың алдын алу және қорғаныс құрылыстарын пайдалану бөлімінің басшысы Бауыржан Әбішев және аға гидротехник Индира Әміреева баяндама жасады.

Өткізілген сабақтардың мақсаты – азаматтық қорғау саласындағы болашақ мамандарды тереңдетіп оқыту және дайындық деңгейін арттыру.

Дәрісте «Қазселденқорғау» ММ-нің негізгі міндеттері мен атқарылып жатқан жұмыстары, Қазақстан Республикасының аумағында орын алған сел, қар көшкіні және сырғымалар тарихы, осы табиғи төтенше жағдайлардың салдары қандай болатыны талқыланды.

Сонымен қатар баяндамашылар қар көшкінін күштеп түсірудің заманауи әдістері мен тәсілеріне, мүздақ көлдердің қауіптілігі мен оларды босату әдістеріне, мониторинг пен алдын ала ескерту жүйесін жетілдіруге тоқталды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика