352 Awrora
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген қиыншылықтарды бастан кешіп, ғасырларға бергісіз даму жолынан өтті. Ата Заңымыз қабылданып, ұлттық теңгеміз енгізілді. Тәуелсіздіктің қорғаны – Қарулы күштер құрылып, барлық көрші мемлекеттермен шекарамыз бекітілді.
Ата-бабамыз қыран ұшса қанаты талатын, тұлпар шапса аяғы талатын ұлан-ғайыр қазақ даласын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғай отырып, бізге аманат ретінде қалдырды.
Сондықтан бабаларымыздың аманатын Тәуелсіздігіміздің маңыздылығын жас ұрпаққа түсіндіріп, оны көздің қарашығындай қорғауға міндеттіміз.
Бүгін, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскелері өзінің құрылғанына отыз бір жыл толу мерей тойын атап өткелі отыр.
10 – қаңтар Ұлттық ұланның әскери қызметшілері үшін, елеулі күн. Ұлттық ұланның тарихы, еліміздің тарихымен тығыз байланысты және елдің берік қорғаны болу жолындағы даңқты дәстүрін жалғастыруда.
Еліміз егемендігін алған уақытта құрылған әскеріміз, тәуелсіздік жылдары мемлекетімізбен бірге есейіп өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді.
Ұлттық ұлан тарихында еліміздің қауіпсіздігін жанқиярлықпен қамтамасыз еткен әскери қызметшілеріміз көп. Біздің әскери қызметшілер алдағы уақытта өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратындарына сенімдімін.
Осынау мерекелік күнде Ұлттық ұланның жеке құрамына, ардагерлерге бақыт, зор денсаулық және ел үшін атқарып жатқан қызметтеріне табыстар тілеймін.
Ұлттық ұлан айбынды әскері жасай берсін!
ҚР ҰҰ 5517 әскери бөлім командирі
подполковник Сағындық Алқайдаров
Источник: qazaq.asia