Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның автожолдарының 65 учаскесі жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның автожолдарының 65 учаскесі жабылды

219 Арман

Ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) тас жолдардың 65 учаскесі жабылды, оның ішінде 35 республикалық және 30 облыстық маңызы бар учаскелер, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жолдарда ТЖ жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, осыған ұқсас штабтар өңірлерде (Абай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар және Жетісу облыстарында) жұмыс істейді.

Блок-бекеттерде 1000 бірліктен астам автокөлік құралдары жиналды.

Ағымдағы тәулікте құтқару бөлімшелерімен 725 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 137 бала, 124 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды.

Халықты эвакуациялау үшін автожолдардың жабық учаскелерінде уақытша жылыту пункттері дайындалды, сондай-ақ эвакуациялау үшін 200 бірлік техника дайын тұр.

Уақытша жылыту пункттерінде 200-ден астам адам, оның ішінде 16 бала бар.*

Халықты ескерту мақсатында ауа-райының нашарлауы туралы 232 СМС-хабарлама, сондай-ақ «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы 114 хабарлама жіберілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 4163 адам және 1343 бірлік ТЖМ, ЖАО және ІІМ техникасы жұмылдырылды.

Республикалық жедел-құтқару жасағының және Алматы облысы ТЖД күштерімен Түрген шатқалынан 37 көлік эвакуациялануда.

Жол қызметтері жолды тазарту жұмыстарын жалғастыруда.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика