"ҚазАвтоЖол" өкілдері ауа райына байланысты қай жолдар жабылғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
«ҚазАвтоЖол» өкілдері ауа райына байланысты қай жолдар жабылғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, шектеулі көрініс) 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Республиканың орталық аймағына қарай өтетін циклонды ескере отырып, республикалық маңызы бар «Астана-Теміртау» автожолында қозғалысқа шектеу енгізілуі мүмкін.
«Осыған орай, құрметті, республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар, ауа-райы жайлы ақпаратқа назар аударып, сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, сонымен қатар көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін жол қозғалысы ережелерін сақтауыңызды сұраймыз! Сондай-ақ, жол қызметкерлері жолды қардан тазалап, жол жиектерін қалыпқа келтіріп, қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп жатқанын естеріңізге саламыз!», — делінген хабарламада.
Республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы бар ақпаратты «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығының 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia