Автожолдардың жай-күйін бақылаудың тиімділігі: жолаушыларды оқытуға арналған виртуалды тренажер әзірленуде

Автожолдардың жай-күйін бақылаудың тиімділігі: жолаушыларды оқытуға арналған виртуалды тренажер әзірленуде

197 rob

Фотосурет: Көлік министрлігі

Автомобиль жолдарының жай-күйін бақылаудың тиімділігін цифрлық шешімдерді енгізу арқылы арттыру мақсатында Көлік министрлігіне қарасты Жол активтері сапасының ұлттық орталығы сынақ зертханаларында жұмыс істейтін қызметкерлерді оқытуға арналған виртуалды тренажерді әзірлеп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Бұл шара өз кезегінде жаңа әдістер мен технологияларды игеруге, мамандардың дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша біліктіліктерін арттыруға көмектеседі.

Білім алушы тренажердің көмегімен 5-10 минуттың ішінде жолдар мен материалдардың сапасын тексеру кезінде бірнеше күн жүргізілетін барлық кезеңді бірден көріп өте алады.

Аталған әзірлемені енгізе отырып, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы өзінің барлық өңірдегі филиалдарында жұмыс істейтін қызметкерлерін жүйелі түрде емтихандық тестілеуден өткізуді жоспарлап отыр.

Оқытудың мұндай тәсілі автожол саласындағы қызметкерлердің кәсіби деңгейін айтарлықтай арттырады деп күтілуде.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика