Атырауда ұландықтар қызметтік иттің көмегімен қарақшыны ұстады

Атырауда ұландықтар қызметтік иттің көмегімен қарақшыны ұстады

282 Awrora

Бүгінгі таңда Ұлттық ұлан  әскері жауынгерлік қызметтерді атқару кезінде бұзақылырды ұстау, қылмыстарды анықтау үшін қызметтік иттерді қолданып келеді. Ұлттық ұлан әскерінде қызметтік иісшіл иттерді тузету мекемелерін күзетуде, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде және қылмыскерлерді құрықтау мақсатында пайдаланады.

Осыған мысал ретінде күні кеше ғана Атырау  қаласында Ұландықтар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүріп, қызметтік иттің көмегімен қарақшыны қолға түсірді.

Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында сағат 21:20 шамасында, Ұландықтарға  Атырау қаласының Авангард шағын ауданында орналасқан дәріханалардың бірінен белгісіз бір азамат 40.000 теңге көлемін құрайтын дәрі- дәрмектерді алып, ақшасын төлеми ізін суытып кеткені туралы ақпарат келіп түседі.

Осы аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген әскери жасақ кезекшісі лейтенант Қожатай Дәурен мен  кинолог маманы кіші сержант Гакашин Мақсат ақпаратты қабылдап оқиға орнына жылдам жетеді.  

Оқиға орнына келіп мән – жайды анықтап,  полиция қызметкерлерімен бірлесіп қылмыскер қашып кеткен бағытқа қарай қызметтік итті қолдану арқылы қылмыскерді іздеуге кіріседі. Иіс сезгіш төрт аяқты жануар қарақшының ізіне түсіп, әскери жасақпен полиция қызметкерлерін И.Тайманов көшесіне бағыттайды.

Нәтижесінде аталмыш көшенің батысынан қылмыскерді құрықтап, істі одан әрі тергеу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырады.

 Ертуған Әубакир

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика