Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорына «Асыл домбыра» табысталды

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорына «Асыл домбыра» табысталды

354 rob

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорына «Асыл домбыра» табысталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Республикалық «Асыл домбыра — 2022» ақындар айтысына Атыраудан Сырымбек Сәрсембаев, Шалқарбай Ізбасаров пен Шынарбек Қабиев қатысты. Ақындар командалық есепте жүлделі 2-орын иеленіп, «Асыл домбыраны» жеңіп алды. Оны табыстау үшін Атырауға «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли, «Assyltas» корпорациясының құрылтайшысы Дулат Тастекеев арнайы келді.

Аламан бәйгеде өнер көрсеткен атыраулық айтыскерлер ақтық сайысқа сүрінбей жетіп, төрт мәрте айтысып, өздерінің шынайы ақын екендігін көрсетіп, суырып салмалықпен, шақпа-шақпен үлкен өнер көрсете білді. Бұл Атырау өңірінің ақындары мен батырларының ер екендігін дәлелдеді. Осы аймақтан шыққан көптеген тұлғаның қатарына айтыскер ұлдары қосылды. Олардың жеңіспен әкелген бұл жүлдесі келер ұрпаққа өнеге болары сөзсіз Дулат Тастекеев

Шара аясында Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына «Асыл домбыра» табысталды. Оған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен мегажобаға қатысушылар, атыраулық ақындар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Асыл домбыра — 2022» ақындар айтысында облыстың абыройын асқақтатқан жерлестерімізге жанкүйер болдық. Осы ретте мегажобаны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Айтыс — қазақтың төл өнері. Өйткені ол өнермен қоса сөздің шешендігін көрсететін, қоғамда орын алған өзекті мәселелерді ортаға салатын, нағыз қоғамдық-саяси өмірдің тезіне түсетін өнер. Ұйымдастырушылар біздің азаматтарға «Асыл домбыраны» беру қажеттігін, орындылығын білдіріп жатыр. Ол айтыскерлеріміздің өнеріне деген құрмет деп білеміз Жасұлан Бисембиев

Шара соңында Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорына «Асыл домбыра» қойылды. Бұл — музейге қойылған 75-домбыра.

Сондай-ақ Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев пен «Хабар» Агенттігі» АҚ Баскарма төрағасы Берік Уәли өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум тараптар арасындағы әріптестік қатынасты орнатуға, өзара тиімді шарттарда ұзақ мерзімді және ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ ақпараттық, білім беру және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қолдау көрсетуге бағытталады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика