Қатаң тәртіп – әскери қызметтегі қауіпсіздіктің кепілі

Қатаң тәртіп – әскери қызметтегі қауіпсіздіктің кепілі

241 rob

Қорғаныс ведомствосында министрдің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен «Өміріңді сақта» ведомствоаралық бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құқық бұзушылықтар мен билікті асыра пайдалану фактілерінің алдын алуға, жарақаттануды азайтуға және әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұл құжат Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың бастамасымен әзірленген.

Кеңеске министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері, әскери оқу орындарының бастықтары және олардың орынбасарлары қатысты.

Онда өткен кезеңдегі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің жай-күйі және «Өміріңді сақта» бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды.

Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы генерал-майор Серік Борамбаев баяндама жасап, әскери қызметтің берік құрылымын қалыптастыратын тұрақты жүйені құру қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, кемшіліктер тіркелген бірқатар әскери бөлімдердің командирлері тыңдалды.

Қарамағындағылардың өтініштеріне үстірт қарауға, бас тартумен айналысуға, қызметтік жүктемені біркелкі бөлмеуге, тәртіптік практиканы өз бетінше жүргізуге жол берілмейді  Сұлтан Қамалетдинов, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант

Ол сондай-ақ бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіру кезеңіндегі қарқынды жауынгерлік дайындық барысында жеке құрамның қызметінің қауіпсіздігі мәселелерін және әскери ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін қатаң бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика