Домой Қазақша Ата-аналарымен қауышатын болады

Ата-аналарымен қауышатын болады

19
0

Ата-аналарымен қауышатын болады

216 Awrora

Фотосурет: Ұлттық ұлан

Қаракемер кентіндегі 6654 әскери бөлімінің 2-2022 жылғы шақырылым сарбаздары бір жылды артқа тастап, туған жерлеріне аман-есен оралды. Әскери бөлімнің саптық алаңында олармен салтанатты түрде Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өткізілді.

Іс-шараға әскери бөлім командирінен бастап офицерлер мен сарбаздар қатысты. 6654 әскери бөлімінің командирі полковник Жандос Қасымов сарбаздарға ақ жол тілегін жеткізді:

— Бір жыл бойы әскери саланың қыр-сырын үйреніп, әскери техника мен түрлі қару-жарақтарды меңгеріп, міне, бүгін үйлеріңізге оралғалы тұрсыздар. Енді сіздер еліміз бен жерімізді қалай қорғау керек екендігін білесіздер. Әскерден алған тәлім-тәрбиелеріңіз алдағы азаматтық өмірлеріңізде көп көмегін тигізеді деген сенімдемін. Ата-аналарыңыз бен туыстарыңызбен аман-есен қауышып, өмір жолдарыңыз ашық болсын, — деді.

Үздік сарбаз атанған қатардағы жауынгер Мұқағали Мақатаев былай деп әскери бөлім басшылығы мен жеке құрамға өзінің алғысын білдірді:

— Мен 6654 әскери бөліміндегі бір жылдық азаматтық борышымды адал атқарып, отбасыма, туған жеріме оралғалы тұрмын. Әрине, қуанышты сәт. Ер-азамат болып дүниеге келген соң, Отан алдындағы парызыңды ұмытпаңдар деп кеңес бергім келеді. Әскери бөлім басшылығына алғысым шексіз, олар бізге қамқорлық танытып, барынша жақсылық жасады. Сонымен қоса, жауынгерлік достар таптым, қызықты күндер өткіздік. Бір жыл әскери өмірімде тарихта қалатын сәттер көп болды, — деді.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде жауынгерлік дайындықта жоғары көрсеткішке ие болған 15 сарбазға жоғары оқу орнына түсуге сертификат табысталды және атқарған адал борыштары үшін әскери бөлім атынан және Қаракемер ауылы әкімінің атынан алғыс хаттар мен грамоталарды табысталды.

Лейтенант

Құралай ЖҰМАҚЫЗЫ

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму