Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

202 rob

Фотосурет: gov.kz

Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң еліміздің 2028 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді.

Республикалық бюджеттің басым бөлігі мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді толық іске асыруға, өңірлерді дамытуға бағытталған.

Индекстелген зейнетақы мен жәрдемақы төлемдеріне 5,4 трлн теңге қарастырылған.

Отбасыларды қолдау үшін бала күтімі мерзімі 1,5 жылға дейін ұзартылды. Бұл мақсаттарға келесі жылға 93,3 млрд теңге жоспарланған.

Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, оның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға, 2,4 трлн теңге бағытталады. Білім беру саласын дамытуға, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға, 1,7 трлн теңге жұмсалады.

Өңірлерді дамытуға республикалық бюджеттен 7 трлн теңгеден артық қаражат қарастырылғанын мәлімдеді. Бұл – жалпы бюджет шығыстарының шамамен 30%.

Экономиканың нақты секторын дамытуға 2,9 трлн теңге бағытталады. Оның ішінде кәсіпкерлікті қолдауға 1,2 трлн теңге бөлінеді. Күш құрылымдарының 2024 жылға арналған шығыстары 2,6 трлн теңгені құрайды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика