Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады

310 rob

Кездесу барысында Президентке ұлттық пошта операторының даму стратегиясы таныстырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әсел Жанасованың айтуынша, қаржылық жағдайды оңалту, әлеуметтік банкті дамыту және қаржылық қызметтердің рөлін күшейту, қолданыстағы инфрақұрылымдар базасында мемлекеттік қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ электронды коммерция мен халықаралық сәлемдемелерге баса мән бере отырып, дәстүрлі пошта бизнесінің тиімділігін арттыру «Қазпошта» жұмысының басым бағыттары болады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнеске ауылдың әрбір тұрғынына қызмет көрсету және тауар жеткізу мүмкіндігін беру үшін компанияның инфрақұрылымын, логистикалық және бөлімшелік желісін дамытуға қатысты жоспары туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы аймақтардағы пошта операторы жұмысының әлеуметтік маңыздылығына назар аударып, аталған бағыттар жөніндегі стратегияны жүзеге асыру ісін жалғастыруды тапсырды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика