203 rob
Елордада білім басқармасы жанынан әдістемелік орталық жұмыс істейді, оның мақсаты педагогтардың құзыреттілігін жетілдіру, оқу процесіне инновациялық үдерістерді енгізу және т.б. болып саналады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қалада бұл жұмыс қалай жүріп жатқаны туралы онлайн-брифингте орталық басшысы Сындар Дәуешова айтып берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Орталық оқу-тәрбие процесін қамтамасыз етумен, инновациялық процестерді енгізумен, білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттырумен және кәсіби құзыреттілігін жетілдірумен айналысады.
«Орталық қызметінің мақсаты педагогикалық шеберлікті арттыруға, білім беру ұйымдарының педагогтарын әдістемелік сүйемелдеуге, оның ішінде білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге жәрдемдесу болып саналады» Сындар Дәуешова
Елордада 2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша 21 083 педагог бар, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 4 379 адам, орта білім беру ұйымдарында – 13 731, қосымша білім беру ұйымдарында – 580, арнайы білім беру ұйымдарында (мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептер) – 679 адам жұмыс істейді.
«Педагогтардың кадрлық әлеуетін дамыту кәсіби шеберлікті арттырумен, олардың біліктілікті арттыру курстарынан өтуімен тікелей байланысты, ол перспективалық жоспарға сәйкес жүргізіледі. 2023 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша мектепке дейінгі ұйымдар үшін – 1062, орта білім беру ұйымдары үшін – 5247, қосымша білім беру ұйымдары үшін – 373, арнайы білім беру үшін – 20 біліктілікті арттыру жоспарлануда, нәтижесінде 6926 педагогты құрайды» Сындар Дәуешова
Педагогтар мен білім беру ұйымдарын әдістемелік сүйемелдеу мектептерді қолдау бағдарламасы және атаулы әдістемелік көмек арқылы зерттеулер мен мониторингтер нәтижелері бойынша құрылады. Осы мақсатта орталық шеберлік сыныптарын, қалалық және оқыту семинарлары мен вебинарларын, кәсіби конкурстарды, конференциялар мен форумдарды, инновациялық жобалар мен сынақ алаңдарын енгізуді және т.б. өткізеді.
Источник: qazaq.asia