Астанадан ұшып кете алмаған жолаушыларға билет құнының 100 пайызы қайтарылады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы айтты, — деп
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Астанадан ұшып кете алмаған жолаушыларға билет құнының 100 пайызы қайтарылады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде рейстердің тоқтатылуына және кешіктірілуіне байланысты өз жоспарларын өзгерткен жолаушылар билеттерінің құнын қайтару барысында әділетсіздіктің орын алғаны туралы қате ақпар жарияланып жатыр.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан Facebook-парақшасында мәлімдеді.
«Кешеден бері Көлік министрлігінің өкілдері Астана әуежайындамыз. Министр өз рейстерін күтіп отырған жолаушылармен сөйлесіп, ауа-райының қолайсыздығынан авиакөлікке қатысты қалыптасқан жағдайды реттеу үшін жедел штаб құру бойынша тапсырма берген болатын.
Әуе компанияларымен сағат сайын кеңес өткізіліп, жолаушыларды жөнелтуге және ұшу кестесін оңтайландыруға қатысты бірқатар шешім қабылданды. Нәтижесінде жағдай оңтайлы шешіліп, әуежай түннен бастап келген ұшақтарды қабылдап, қазіргі таңда қалыпты режимде ұшуды қамтамасыз етіліп жатыр.
Бұл мәселе бірден әрі толығымен жолаушылар үшін оңтайлы шешілген. Қазақстанның көлік министрлігі авиакомпанияларға ауа райына байланысты Астанадан ұшып кете алмаған жолаушыларға билеттер құнын 100 пайыз қайтаруды тапсырды»,- деді Жанжігіт Омархан.
Оның айтуынша, билетті арнайы қосымшалар арқылы қайтару кезінде белгілі бір сома ұсталуы мүмкін. Өйткені әуекомпаниялардың билет сатуға арналған жүйелерінің техникалық баптаулары автоматты түрде солай есептейді.
Сондықтан билеттің толық құнын қайтару үшін жолаушылар әуекомпанияларға тікелей жүгінуі керек. Мұны екі әдіспен жүзеге асыруға болады: телефондарына хабарласып немесе Астана әуежайы ғимаратындағы әуе тасымалдаушылардың кеңселеріне барып, билеттің толық құнын қайтарып алуға болады
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia