Домой Қазақша Астанада үстел теннисінен Қарулы күштердің чемпионаты өтті

Астанада үстел теннисінен Қарулы күштердің чемпионаты өтті

149
0

Астанада үстел теннисінен Қарулы күштердің чемпионаты өтті

186 rob

Турнир «Алау» мұз айдыны сарайында XIII Спартакиада аясында Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының, Бас штабтың және Қазақстан Қарулы күштерінің құрылымдық бөлімшелері арасында өтті. Оны Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Турнир барысында Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев пен бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің арасындағы ойын көрермен назарын аударды.

Жарыстың құрметті қонағы Серік Сәпиев Қорғаныс министрлігінің спортты дамытып жатқанына ризашылығын жеткізді.

Турнирге барлығы 120-дан астам спортшыдан тұратын 41 команда қатысты. Мандаттық комиссияның шешімімен жарысқа қатысуға өтініш берген командалар екі топқа бөлінді.

Бірінші топтағы чемпионат кубогын Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің командасы, екінші орынды Мемлекеттік әскери-тарихи мұражай, үшінші орында Заң департаменті жеңіп алды. Екінші топта Ұлттық қорғаныс университетінің командасы жеңіске жетсе, екінші орынды елордалық авиациялық база қанжығалады. Жүлделі үшінші орын Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының еншісінде.

Турнир барысында Заң департаментінің өкілі Қарулы күштердің қызметкері Болат Нұрмағанбетов пен Ұлттық қорғаныс университетінің PhD докторы подполковник Амангүл Алдабергенова «Үздік техникасы үшін» номинациясын жеңіп алды. Заң департаментінің кіші сержанты Ардақты Ахметжанованың табандылығы «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясын бағындырды. Бұл марапатқа Әскери инфрақұрылым бас басқармасының командасы да ие болды.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму