272 rob
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі
Елордада арнайы мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы Тәуелсіздік күніне орай №1 арнайы мектеп-интернатымен бірлесіп, «ШАМ-ШЫРАҚ» қалалық байқауын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл бастама елордалық дарынды жастарға арналған «Білім-инновация» лицейі тарапынан қолдау тапты. Іс-шараның басты мақсаты – дарынды жасөспірімдердің табысқа жетуіне, әлеуетін пайдалануына, қабілеттерін дамытуға ынталандыру.
Қазылар алқасының назарына 81 қатысушының «вокал», «хореография», «көркемдік білім» номинациялары бойынша 40 материал ұсынылды. Финалға 20 шығармашылық жұмыс таңдалды.
Офлайн турға «робототехника» номинациясына тіркелген 3 команда іріктеуден өтті.
Конкурс қорытындысына сәйкес, жас топтары бойынша номинациялардың жеңімпаздары «Астана Гифт» орталығының кубогымен және Гран-при дипломымен, жүлдегерлер — I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Дарынды жастарға арналған «Білім-инновация» лицейі мен №1 арнайы мектеп-интернатқа сыйлықтар табысталды.
Источник: qazaq.asia