Астанада онкологиялық сырқаттан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды

Астанада онкологиялық сырқаттан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды

145 rob

Астана қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медицина орталығы» ШЖҚ МКК №1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, онколог-маммолог, хирург дәрігер Юрий Жуков онкологиялық сырқаттанушылық, сол сияқты сүт безі қатерлі ісігі көрсеткіші жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Дәрігердің айтуынша Астана қаласы бойынша жалпы сырқаттанушылықтың 180,1-ден (2021 жылы) 180,6-ға (2022 жылы) дейін өсу үрдісі байқалады, бұл жалпы ауруды алдын ала анықтау, тұрақты түрде скринингтер жүргізумен және жалпы өлім-жітімнің 71,1-ден (2021 жылы) 67,0-ге (2022 жылы) дейін төмендеуімен байланысты.

«2007 жылдан бастап Астана қаласы бойынша сырқаттанушылық құрылымында сүт безі обыры 1-орында, былтыр 401 сырқат жағдайы тіркелген, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 30,3 құрады (2021 жылы – 100 мың адамға шаққанда 344/28,4), скринингтерді енгізуге байланысты сырқат белгілерін уақытынан ерте анықтау 6,6%-ға артты.

2021 жылмен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 6,7-ден 6,2-ге дейін өлім-жітімнің 7,5%-ға төмендеуі байқалады, аурудың 1-2-сатысының ерте диагностикасы жақсарды және 90,2% – 3 (2021 жылы – 87,0%) 3,7%-ға жоғары көрсеткішті құрады. Бүгінгі таңда 3 мыңнан астам әйел сүт безі обыры бар диспансерлік есепте тұрады», — деді Юрий Жуков.

Дәрігер сөзін жалғай отырып, қатерлі дертке шалдығатындар қатары жасарып келе жатқанын мәлім етті. Жасы – 50-60% жағдай 40-60 жас аралығындағы науқастар арасында тіркелген. Алайда қатерлі ісік 20-30 жастағы науқастарда да кездеседі.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика