Астанада жылу электр орталықтары жаңғыртылады

Астанада жылу электр орталықтары жаңғыртылады

352 rob

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жылумен қамту мәселесі жөнінде атқарылып жатқан шаруалар туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қаламызды жылумен ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қамтамасыз етеді. Осы жылу электр орталықтарына жаңғырту жұмысын жүргіземіз. Сонымен ЖЭО-2-де 7 және 8 қазандықтың құрылысын жобалау ісі жүріп жатыр. Бұл қазандықтар сағатына қосымша 360 гигакалория қуат береді. Сондай-ақ ЖЭО-2 турбинасын жаңғыртуды жоспарлап отырмыз, ол электр қуатын 35 мегаваттқа арттырады.

ЖЭО-1-де үш газ-мазутты қазандығы газға ауыстырылды, өсім — 50 гигакалория, бұдан өзге түтін құбырын ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі барлық су жылыту қазандығы газға ауыстырылды.

Сондай-ақ келесі жылыту маусымына дейін ЖЭО-3 және екі газ жылу станциясын қолданысқа беруді тапсырдым. Бұл шаралар жылумен жабдықтаудың қазіргі қуатын едәуір арттыруға әрі құрылысы жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді», — деп жазды елорда әкімі.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика