263 rob
Фотосурет: Астана әкімдігі
Елордада жыл басынан бері балалардың қатысуымен 119 ЖКО болып, 124 бала жарақат алды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Астана полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов Астананың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кәмелетке толмағандар арасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Балалардың қатысуымен болған ЖКО-ның негізгі себептері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін сақтамауы.
Бұл ретте ең көп тараған бұзушылық жолдың белгіленбеген орындардан өтуі болып қала береді.
Сонымен қатар, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 1 337 жүргізуші, апатты жағдай жасағаны үшін – 2 209, қауіпсіздік белбеуі үшін – 12 372 жүргізуші жауапқа тартылды.
«Жолдардағы жағдайды тұрақтандыру үшін кәмелетке толмағандардың жол қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы хабардар болуына көп көңіл бөлінеді.
Соңғы үрдістерді ескере отырып, әлеуметтік желіні, түрлі-түсті графиканы, видеороликтерді пайдалана отырып, балаларды интерактивті түрде оқытуға баса назар аударылады.
Астана қаласының полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігі және балалардың жол-көлік жарақаты мәселелеріне ерекше назар аударады. Жол жүрісі қауіпсіздігін насихаттау – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол жүрісіне қатысушылардың мінез-құлқын реттейтін заңнаманы, құқықтық нормаларды түсіндіру мәселелеріне қатысты білімді тарату жөніндегі мақсатты қызмет», — деді спикер брифингте.
Балалардың жол-көлік оқиғасынан жарақаттануының алдын алуға және кәмелетке толмағандарды жол қозғалысы ережелеріне оқытуға ерекше назар аударылады. Мақсаты – балаларда қауіпсіз мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыру және жолдағы жағдайды дұрыс бағалау, жауапкершілік пен тәртіпті арттыру.
Осыған байланысты, елорданың білім беру ұйымдарында тиісті тақырып бойынша оқу сабақтары ұйымдастырылды. Осылайша, 2023 жылдың басынан бастап балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған 8 390-нан астам дәріс пен оқыту сабақтарының өзге де түрлері ұйымдастырылды.
Ата-аналар жиналысын өткізуге ерекше назар аударылады, онда балалардың жолдардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралады.
«Биыл оқу жылының басынан бастап елорданың білім басқармасымен бірлесіп «Қауіпсіздік сағаты» жобасы басталды. Іс-шараның мақсаты – бірнеше мүдделі ведомствоның, оның ішінде полиция, прокуратура, соттар, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және т.б. өкілдерінің қатысуымен ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, осы арқылы жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен ата-аналардың құқықтық сауаттын арттыру», — деп қорытындылады Арман Айтмағамбетов.
Источник: qazaq.asia