Домой Қазақша Астанада қандай кәсіпорындар ашылады

Астанада қандай кәсіпорындар ашылады

251
0

Астанада қандай кәсіпорындар ашылады

256 Awrora

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында ашылатын кәсіпорындар жайлы мәлім етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Қаланың дамуы үшін сол сияқты жеке инвестициялар да тартылуда. Биыл 30-ға жуық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жеке инвестициялардың жалпы сомасы — 118 млрд теңгеден асады. 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Олар — өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы кәсіпорындар, білім беру саласындағы 5 нысан (мектептер, балабақшалар), логистика саласындағы 4 жоба, спорт кешендері және т.б.

Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен бірге №1 Индустриялық паркте бірқатар кәсіпорынның жұмысымен таныстық.

Олардың қатарында ModeX модульдік үй құрылысы зауыты, мамандандырылған техника құрастыру зауыты, витраждар, терезелер, медициналық жабдықтар, жиһаздар, респираторлар және т.б. Кәсіпорын өкілдерімен бірге №1 Индустриялық парк бойынша өзекті мәселелерді талқыладық.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестицияларды жұмылдыру және инвесторларды қолдау үшін қолайлы жағдайлар жасаймыз», — деп жазды елорда әкімі.

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму