11 желтоқсанда Астана, Ақтөбе, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі,
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
11 желтоқсанда Астана, Ақтөбе, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сілтеме жасап.
Астанада бүгін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, секундына 2-7 метрге дейін жел соғады, ауа температурасы 32-34 градус аязға дейін төмендейді. Метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Елорда ауасындағы ПМ-2,5 қалқымалы бөлшектерінің шекті рұқсат етілген концентрациясы 3,3 есе және күкіртті сутегі үш есе жоғары болады деп күтіледі.
Ақтөбеде 11 желтоқсанда және 12 желтоқсанда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.
Риддерде де метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі.
Семейде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі.
Өскеменде де метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia