Астана халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды қалай жетілдіруге болады

Астана халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды қалай жетілдіруге болады

203 rob

Фотосурет: А.Байжұманов / Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Астана қаласындағы халықаралық әуежайда болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шекаралық бақылауды жетілдіру мәселесі кездесудің басты тақырыбы болып отыр.

Комитет төрағасы Андрей Лукин өз сөзінде еліміздің шекара қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді атап өтті.

«Кедендік бақылау және шекаралық қауіпсіздік мәселелері қазір ерекше орын алады. Біздің міндетіміз – шекаралық бақылаудан өту кезінде қазақстандықтарды алаңдататын проблемалық мәселелерді өз көзімізбен көру. Сонымен қатар, әлемдегі геосаяси жағдайды ескере отырып, шекарадағы ахуалға да қосымша назар аудару қажет. Қазір біздің шекарамыздан заңсыз өту, оның ішінде жалған құжаттарды қолдану әрекеті жиілеп кетті. Осыған байланысты шекаралық аумақты күшейту қажет» Андрей Лукин

Әуежайға сапар барысында сенаторларға смарт дүңгіршек пен жолаушыларды ресімдеу барысы көрсетілді. Парламентшілер сондай-ақ халықаралық рейстердің ұшу аймағының жұмысымен және құжаттарды тексеру рәсімімен, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды ресімдеу бөлімшесінің қызметімен танысты.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері өз кезегінде сенаторларға «Астана» авиациялық өткізу пунктінің қызметі туралы айтып берді және алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика