Сарапшылар Астанаға күн сайын өзге елден келетін көліктерді санап шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Сарапшылар Астанаға күн сайын өзге елден келетін көліктерді санап шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Sergek Group баспасөз қызметі мәліметінше, елордаға күніне 22,5 мыңға жуық көлік келіп, 24,1 мыңы кетеді. Қазақстандық көліктер бірінші орында.
«Жалпы тәуліктегі ағынның 98 пайыздан астамы Қазақстанда тіркелген. Қалаға 300-ге жуық ресейлік нөмірлі көлік кіріп-шығады. 60-қа жуығы Арменияның, 40-ы Қырғызстанның мемлекеттік нөмірімен. Сондай-ақ, Моңғолия, Өзбекстан, Грузия және Беларусь елдерінен бірең-сараң көлік тіркеледі», — деді компания.
Sergek Group
Талдау шекаралас мемлекеттердегі автокөліктер қозғалысын бақылау үшін «Шекарадан кейінгі» модуль арқылы жүргізілді. Модуль Sergek ITS талдауға, бақылауға және көліктік болжауға арналған интеллектуал көлік жүйесінің бөлігі болып табылады. Модульдің негізгі мақсаты қалаға кіретін және шығатын көлік құралдарының, сондай-ақ транзиттік көлік құралдарының санын бақылау.
Жүйе кіретін және шығатын көліктердің санын көрсете отырып, өңірлер және шетелдік көліктер бойынша қазақстандық көліктердің есебін жүргізеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia