"ВИП-казашка" деп танылып кеткен Қаскелең қаласының тұрғынына жол ережесін бұзғаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- АВТОР
- Гүлнара Досымшалова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Қаскелеңдік "ВИП-казашкаға" айыппұл салынды
«ВИП-казашка» деп танылып кеткен Қаскелең қаласының тұрғынына жол ережесін бұзғаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысының полицейлері 16 қаңтарда жол ережесін бұзып, оны видеоға түсірген жүргізушіні анықтаған болатын. Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 2001 жылы туған азаматша Е.-ны анықтап, ұстады.
«Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты 591-баптың 2-бөлігі, 230-баптың 2-бөлігімен 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде жалпы айыппұл түріндегі хаттама толтырылды», — деп хабарлады полициядағылар.
Toyota Land Cruiser Prado көлігі айыппұл тұрағына алынғанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia