Ашық аспан астындағы Галерея: көше суретшілері Алматыдағы Терренкурдың қараусыз қалған бөлігін бояды

Ашық аспан астындағы Галерея: көше суретшілері Алматыдағы Терренкурдың қараусыз қалған бөлігін бояды

189 rob

Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі

Көшелері заманауи өнер орталығына айналған аудандар әлемнің көптеген қалаларында бар. Бұл қатарды биыл Алматы толықтырып отыр. Бұрын Достық даңғылынан Есентай өзеніне дейінгі Оспанов көшесіндегі Терренкур учаскесі тар болатын әрі бұл аймақта серуендеу мүмкін емес еді. Алайда Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша аз уақыттың ішінде бұл аймақ түрленіп шыға келді, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Мұнда асфальт төселіп, кейбір учаскелер төсеніштермен безендірілді, тротуар қала тұрғындарына серуендеуге ыңғайлы болу үшін кеңейтілді. Бірақ ең қызығы басқада. Медеу ауданы әкімдігінің ұйықты болуымен танымал Repas тобы стрит-шеберлері қараусыз қалған учаскені ашық аспан астындағы көркемсурет галереясына айналдырып жіберді.

Ұзындығы 420 метр болатын бұл үлкен кенепте ондаған композиция бейнелегнген. Қабырғаны бояумен 80 суретші айналысты. Барлық сюжеттер бір қарағанда әртүрлі болып көрінгенімен, оларды біріктіретін нәрсе бар. Жобаның идеясы – ол қазақ әліпбиін бейнелейді. Суретшілердің әрқайсысы өзіне белгілі бір әріпті таңдап, оған сүйене отырып, өз суретін жасады. Сонымен қатар, әліппе көше әртістерінің жұмысында үлкен маңызға ие, әркімнің өзіндік ерекше қолтаңбасы бар. Сондықтан олар үшін әріптік таңбалар символдық сипатқа ие.

Нәтижесінде әрбір муралды шексіз қарай беруге болады. Өйткені қабырға суреттерінде көптеген бөлшектер бар. Бұл қазақтың ұлттық ою-өрнектері, танымал эмодзилер мен шығыстың әсем сұлулары. Мұның бәрі қазіргі әлемнің жарқын әр түрлілігін айқын көрсетеді. Мұндай бай әрі әр түрлі сюжеттер түрлі суретшілердің еңбегінің арқасы. Мысалы, Евгений Chervi өз жұмысын өртте өліп қалған мысығына арнады. Суретші балконына даладан тауып алған мысығын паналатыпты. Мысық қатып қалмас үшін радиатор орнатыпты. Нәтижесінде өрт шығып, пәтер де өртеніп, сол өртте мысығы өртеніп кеткен екен.

Жалпы әр суретшінің жұмысы туралы бөлек бөлек айту мүмкін емес. Өйткені әр жұмыстың өзіндік тарихы, айтыр ойы бар.  Ең бастысы бұл жұмыс Алматыға емес, тіпті Қазақстан үшін емес, бүкіл Орталық Азия үшін бірегей жоба болып шықты.

— Бұл шын мәнінде бүгінгі таңда муралдарға арналған аймақтағы ең үлкен кенеп. Өздеріңіз білетіндей, Орталық Азияда бұл қабырға муралдарға арналған жарты шақырымға жуық жалғыз кенеп, — дейді Almaty Creative Bureau басшысы Кристина Бекмурзаева. – Жобаның ерекшелігі сол, суретшілерге карт-бланш берілді. Көбінесе, көше әртістері біздің тапсырысымыз бойынша жұмыс істейді, мысалы, олар белгілі бір мекеме жасайды, онда, әрине, нақты тұжырымдама бар. Барлығы белгілі бір стильде жасалуы керек, яғни суретшілерге еркіндік берілмейді. Ал бұл жобада оларда шектеу болмады, әркім қабырғада қалаған жұмысын салуға мүмкіндік алды. Менің ойымша, бұл Алматы әкімдігінің заманауи мәдениетті қалай қолдайтынының тағы бір мысалы, мегаполистегі креативті индустрияны дамытуға септігін тигізген жоба бұл. Алдағы уақытта Алматыны одан да әдемі әрі тартымды қалаға айналдырамыз.

Қараусыз қалған учаскенің қаланың бетке ұстар жеріне айналуы коммуналдық қызметтердің тынымсыз жұмысының және қазіргі заманғы өнер әлемінің ең көрнекті өкілдерінің арқасында мүмкін болды. Бұл аймақты абаттандыру жұмыстары жаз айының ортасында басталған еді. Қазір бұл аймақ 95 пайызға дайын. Десе де, қабырғадағы суреттерді қызықтап қарап жүрген тұрғындар жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын онша байқапмауы да мүмкін. Мысалы жақына арада көшеге кешкі жарық жүйесі орнатылады. Көп естігеннен бір көрген дұрыс.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика