Арыстық еріктілер қар тазалап, қарттардың батасын алып жүр

Арыстық еріктілер қар тазалап, қарттардың батасын алып жүр

354 rob

Арыс қаласында осы аптада қалың қар түсті. Қар тазалау әсіресе жалғызілікті, мүгедектігі бар қарияларды әбігерге салатыны анық. Осы ретте Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» еріктілері ауылдық округтердегі қарттардың ауласын тазалауға қол ұшын созды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мектеп оқушыларынан бастап жасы ересек азаматтарға дейінгі еріктілер ауылдардағы ардагерлерге, зейнет жасындағы және жалғызбасты қарттар мен аналарға қолдан келген көмектерін ұсынды.

Байырқұм, ауылының жігерлі жастары жалғызбасты ананың ауласын қардан тазалап, отын-суы мен үй шаруашылық жұмыстарына жәрдем етіп батасын алды. Дәл осындай қайырымдылық шарасы Дермене, Жиделі, Монтайтас ауылдарында да жалғасын тапты.

Игі істен Ақдала еріктілері де қалыс қалмады. Олар ауыл ақсақалы Баянбай Рахымбердиевтің үй іргесін қардан тазалап, қолғабыс етті.

Қариялар үйіне көмекке келген жастарға ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды.

Жастардың мақсаты — азаматтарды сауапты істерге тарта отырып, ізгілікті насихаттау.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика