Арыста «Khan» отбасылық ойын-сауық кешені ашылды

Арыста «Khan» отбасылық ойын-сауық кешені ашылды

258 rob

Арыс қаласында алғаш рет отбасылық ойын-сауық кешені ашылды.«KHAN» ойын-сауық орталығында тамақтанумен қатар караоке залы, сондай-ақ балалар үшін тиімді уақыт өткізуге арналған ойын алаңдары бар, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отбасылық ойын сауық орталығының ашылуына қала тұрғындарымен бірге қала әкімінің орынбасарлары Ерғали Омарұлы мен Алмаз Советұлы қатысты.

Жаңа ғимараттың ашылумен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы орталықтың ашылуы қаладағы қызмет көрсету саласының дамуына айтарлықтай ықпал етеді деген сенім білдірді.

Айта кетейік, заманауи ойын-сауық кешенінің бірінші қабатында қонақтарға арналған ыңғайлы дәмхана орналасқан. Ал, екінші қабат балаларға арналған заманауи батут орталығымен қамтылған.

Арыстық жеке кәсіпкер бүгінгі таңда 30-дан астам жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика