Арыс қаласындағы су тасқынына қарсы жұмыстар: «Қабылсай» табиғи жырасын ерекше бақылауда тазарту

Арыс қаласындағы су тасқынына қарсы жұмыстар: «Қабылсай» табиғи жырасын ерекше бақылауда тазарту

422 rob

Фотосурет: Түркістан облысының әкімдігі

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қала ішіндегі ең ірі қарғын суды өткізетін «Қабылсай» жырасының жағалауларын нығайтуды, табанын тереңдетіп, тазартуды тапсырған болатын, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өз сөзінде қала басшысы жауапты басшыларға жүргізіліп жатқан іс-шараларды ерекше бақылауға алуды және су тасқынына қарсы жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтауды ерекше атап өткен еді.

Осыған сәйкес, «Қабылсай» табиғи жырасын арнайы техника көмегімен тазарту, табанын аршу, жағасын бекіту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар әкімдік қызметкерлері мен Төтенше жағдай бөлімі мамандары, және қаламыздың жаны жомарт кәсіпкерлерінің демеушілігімен жүргізілуде.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика