Қарулы қызметтің алғашқы күні

Қарулы қызметтің алғашқы  күні

427 rob

Қарағанды қаласында орналасқан қызметтік көлемінен ең ірі әскери құрама болып саналатын 5451 әскери бөлімінің кеше ғана Анттарын қабылдаған жас сарбаздары қаруларын алып, ендігі кезекте жауынгерлік қызметке кірісуде. 

Мемлекет құрылған күндерінен бастап, ел қорғанында тұратын әскери құрылымдар да пайда бола бастады. Мемлекеттің ішкі құрылымы мен сыртқы байланысы көршілес елдерге әрқашан қызық болатыны анық, сонау Керей мен Жәнібек батырлардың бастаған Ұлы көш кезінен-ақ көрші тайпалар мен сол кезде жаңа құрыла бастаған мемлекеттер қазақ еліне көз тартып, қанша жылдар бойы егемендігімізді жойып, елімізді жауламақ болды. Бірақ батыр бабалармыз елімізді жерге таптатпай, ұлымыз құл, қызымыз күн болмасын деп қасиетті борышы елін қорғап, Тәуелсіздік Туын бізге жас ұрпаққа аманат етіп қалдырып кетті.  

Сол кездерден арада сегіз  ғасыр өтіп кетті, заман талабы өзгергенмен, ел қорғау мәселесі сол қалпында қалып, одан әлеуеті артып, Отан қорғаушыларды тәрбиелеу жолында материалдық база жаңара түсті. Құқық қорғау органдарымен бірлесе, еліміздің ішкі тәртібін қорғау жолында еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп келе жатқан Ұлттық ұлан құрамалары жыл сайын саптарын жас буынмен толықтырып, материалдық-техникалық базасынан, қызмет сапасы жағынан болса да заманға сай дамып келе жатыр. 

Қызметтің қай түрі болмасын, заманауи әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылып, жыл сайын жаңарып тұрады. Жас сарбаз екі айлық дайындық курсын өткеннен кейін, Әскери ант қабылдау рәсіміне келтіріледі. Әскери антын қабылдаған соң, заң талабына сай әрбір сарбаз жауынгерлік қызметке бөлінеді. Бүгінде солардың бірі «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты қарағандылық 6505, 5451 әскери бөлімінің қатарына Анттарын қабылдап, қаруларын иығына асып, жауынгерлік қызметке түсу бойынша онкүндікке кірісіп кетті.

— Құраманың басты міндеті – түзеу мекемесінде қамалғандарды сақшы ретінде күзету. Сарбаздар өз роталарына бөлініп, алғы буын сарбаздарымен бірге қызметке түседі. Өмірлік тәжірибе айтпақшы, теориялық түрде үйренгеннен, практикалық тәжірибенің берері мол. Ендігі кезекте, сарбаздар қатарластарымен бірге қызметке түсетін болады, – дейді 6505 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Арман Сейітов.

Дәл осындай қызметке кірісу, Қарағанды қаласының қоғамдық тәртібін сақтау жолында қызмет атқарып келе жатқан жедел мақсаттағы 5451 әскери бөлімінде өткізіліп жатыр.

Ондағы келген  жас буын қаңтардың 23-і күні салтанатты түрде қару алып, әскери бөлімнің аумағында ұйымдастырылатын және қала көшелеріне бөлінетін патрульдік қызметтің қыр сырын меңгеруге кірісті.

Қала көшелерінің тыныштығын сақтау бір көзбен қараған кезде түк қиындығы жоқ сияқты, көше кезіп бір шетінен екінші бөлігіне адамдардың өзге адамдардың құнды заттарын ұрлауға жол бермеу, қоғамдық орында азаматтардың өзін тәртіпті ұстап, ластамауы, дөрекі сөйлеп жанжалдаспауын бақылау болар. Бірақ, өзгенің көзіне көрінбейтін бір жәйт, аталмыш қызметке көбіне психологиялық және физикалық тұрғыдан әлді сарбаздар тандалатыны жұртшылыққа беймәлім. Әрине қызметтің жеңілі жоқ, бекетте тұрып қырағылық танытып, қамаудағы азаматтың қашып кетуіне төтеп беру нағыз жауапты да батыл азаматтардың міндеті деп білеміз, бірақ көбіне ұмыт қалатын көше тыныштығының майталмандары да қалт бермейтін сарбаздар екенін білгеніміз жөн.

Неліктен десеңіз, сақшы өзінін қарамағында қандай адамдар, олардың қандай әрекетке баратынын да біледі және оған дайын болуға тырысады, ал жедел мақсаттағы ротасы сарбазының қызметі көше бойында көптеген өзгермелі оқиғаларға толы болады. Мәселен, тәртіп бұзушы ешқашан өзін тәртіпсіз екенін ақыл ойы дұрыс болатын болса көрсетпейді, тыныш жүріп қылмысын жасауға тырысады, оған қоса тәртіп сақшыларына күш көрсетпек болып, заңды түрде әрекетіне қарсы шығатындар кездеседі. Не болмаса жоғалып қалып, қорқынышқа толы кішкене балалардың көңілін аулап, тез уақытта ата-анасына қайтарып апарып берген де мысалдар көп. Осы орайда, қоршаған ортаның психологиясына бейімделіп, өздерінің алғыр күші мен біліміне сенетін патрульдік сарбаздардың да қызметі ауыр да жауапкершілікке толы екенін айта кеткеніміз жөн.

Жауынгерлік қызметке кірісу бастапқы киімін дайындау, нұсқаулық сабақ, тәрбие жұмысы және қызметке бөлінумен әскери бөлім күн тәртібіне сай бөлінеді. Ал сарбаздың сапалы дайындығы, бетке ұстар бөлімше, взвод, рота, батальон командирлерінің теориялық, практикалық түрде жақсы дайындығының көрінісі.  

Әскердің алғы парақтарын екі ай меңгерген жеткіншектер, енді сарбаз атанып нағыз әскери өмірге кіріседі. Ендігі жолда қойылған тапсырмаларды бұлжытпай орындайтын ел қорғандарының сапы тағы да күшейе түсті, әрбір сарбаз бен командирлер тарапына ақыл, сана, жігер, табандылық танытып, ел алдындағы борышын абыроймен өткеруін тілейміз. Аласапыран жолда ата-бабамыздың мұра болып қалған «Ер азаматтың Отан алдындағы қасиетті борышы – елін қорғау, жерін қорғау» деген дана ұғымына  
лайық болып, әр сәтте «елім», «жерім» дейтін ержүрек, жауапты да қайсар азаматтарымыз көп болғай!

Аға лейтенант Алияр Дүйсенбай, Қарағанды қаласы

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика