202 Awrora
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігінің 2024 жылға арналған жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес алдағы 4-8 желтоқсан аралығында Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктік жоғарғы деңгейіне келтіріліп, тактикалық-саптық сабақтар өтетін болады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Осыған орай барлық әскери бөлімдердің басшылығы жаңа оқу кезеңінің алдында салтанатты жағдайда жеке құрамға және жаңадан келген әскери қызметшілерге атыс қаруын табыстап, әскери техникаларын бекітті. Сонымен қатар арнайы әзірленген оқу нүктелерінде оқу кезеңі барысында қауіптің алдын алуға бағытталған қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, ережелерінде түсіндірді.
Алдағы қысқы оқу кезеңінің бірінші аптасы барысында бөлімшелер мен бөлімдерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру бойынша әскери қызметшілердің білімі мен дағдылары тексерілетін болады.
Кейіннен қысқы оқу кезеңінде жауынгерлік оқумен байланысты іс-шаралар өткізілетін болады, олардың мақсаты әскерлерді жауынгерлік және жедел басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Алдағы оқу кезеңінде әскери қызметшілердің алдында жауынгерлік даярлық деңгейін арттыру бойынша міндеттер тұр және бөлімшелерді үйлестірудің соңғы кезеңінде әртүрлі тактикалық жаттығулар өткізілетін болады.
Источник: qazaq.asia