242 rob
Артиллериялық бөлімшелер жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Аягөз гарнизонындағы Майлин оқу-жаттығу полигонында өздігінен жүретін «Акация» артиллериялық қондырғысымен жабық атыс орындарынан тәжірибелік атыс тапсырмаларын орындады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Атыс жаттығуы кезінде офицерлер үйлесімділік пен өзара іс-қимылды пысықтады. Сондай-ақ нысананы оқ-дәрілердің ең аз зарядымен атып зақымдауға ерекше көңіл бөлді.
Аталмыш оқу-жаттығудың басты мақсаты артиллерист офицерлердің теориялық білімдерін практикалық жүзінде көрсету, дұрыс шешім қабылдауды және шебер басқаруды үйрету болып табылады. Жоспарлы ату дайындығына әскери бөлімнен жиырмаға жуық әскери техникамен, қондырғылар және жүзге жуық жеке құрам жұмылдырылды.
— Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес офицерлер мен жеке құрам өздігінен жүретін «Акация» артиллериялық қондырғысынан жабық ату орынан ату жаттығуларын орындады. Жаттығу барысында жас командирлер білімдерін практика жүзінде көрсетіп, барлық нысаналарға дәл тигізе алды. Сондай-ақ, жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі басшылық тарапынан «жақсы» деп бағаланды, – деп атап өтті бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Қуаныш Ордабаев.
Айта кетейік, өздігінен жүретін артилллериялық қондырғыдан оқ ату әскери қызметшілерге алған білімдерін практика жүзінде бекітуге мүмкіндік береді. Қондырғылардан ату сабақтары әсіресе жас офицерлер мен мерзімді әскери қызметшілер үшін өте маңызды.
Источник: qazaq.asia