Армия спортшысының жаңа биіктігі: Аян Тұрсын октагон 52 лигасының чемпионы атағын жеңіп алды

Армия спортшысының жаңа биіктігі: Аян Тұрсын октагон 52 лигасының чемпионы атағын жеңіп алды

178 rob

Фотосурет: ҚР ҚМ

Алматыда ефрейтор Аян Тұрсын Оktagon 52 лигасының чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оktagon 52 аралас жекпе-жегінің басты турнирінде ефрейтор Аян Тұрсын ресейлік Марина Шутовамен күш сынасты. Жекпе-жектің алдында ең аз салмақтағы Oktagon лигасының бос чемпионы атағы тұрған болатын.

Бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шешімімен чемпиондық белбеу алған ефрейтор Аян Тұрсын жеңімпаз атанды.

Бұл армия спортшысының кәсіби мансабындағы бесінші жеңісі.

Аян Тұрсын – қоян-қолтық ұрысы, панкратион, ММА және жекпе-жек бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қоян-қолтық ұрысынан Азия және әлем чемпионаттарының қола және күміс жүлдегері, ХІХ Азия ойындарының қола жүлдегері.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика