Қаржы қызметінің үздігі – Бибі ханым

Қаржы қызметінің  үздігі – Бибі ханым

560 rob

Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының

15 қараша экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – «Қаржыгерлер күнін» тойлайды. Осы күнді таңдау еліміз үшін кездейсоқ емес. Өйткені бұл күн – ұлттық валютамыз теңгенің 1993 жылы 15 қарашасында жалпы айналымға енуімен байланысты. Маңызды мерекенің күнтізбедегі орнында да жалпы халық арасында да биік мәртебесі бар, деп хабарлайды DKNews.kz.

Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және  адамның өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы – оныңқаншалықтыынта- жігермен жұмыс істейтіндігіне байланысты болатынынмойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды.

Әр кәсіптің өзіндік жұмыс айрықшылығы, қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар.Сондай адамдардың бірі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Ақтау қаласы 6656 әскери бөлімінің қаржы қызметінің бастығы, қаржы қызметінің үздігі – Бибі ханым! Ол өз мамандығының құнын түсірмей мәртебесін көтеріп, өз саласының қайталанбас майталманына айналған қаржы секторының батыры, 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар тәжірибелі маман.

Алмағамбетова Бибігүл Байтемірқызы – 1978 жылы алтыншы маусымда бұрынғы Түркіменстан ССР-і, Красноводск қаласының тумасы. Бала кезінде ата-анасы жұмыс бабымен Маңғыстау өңірі Жаңаөзен қаласына келіп, сол өңірдің тұрғынына айналған. Әкесі – мұнайшы болып, ал анасы – қарапайым үй шаруашылығымен айналысқан. Болар бала жасынан демекші кішкентай Бибігүл сол кезден-ақ қаржыға жақын болып, оның есеп-қисабына қызыққан. 1995 жылы Жаңаөзен қаласы №1 орта мектебін бітірген соң Алматыдағы энергетика институтына оқуға түскен. Ол жерден 1999 жылы «Радиотехника жән байланыс» мамндығын алып шыққан. 1999-2003 жылдар аралығында Ақтау қаласы Салық басқармасында мамандығы бойынша қызмет атқарған. Одан кейін 2003-2004 жылдары 6656 әскери бөлімінің Материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасының радиобайланысшы және телефонист маманы болып қызмет атқарған. 2004 жылдан сол әскери бөлімнің Қаржы қызметіне ауысып қызмет атқарған. 2009-2013 жылдары Ақтау қаласы Болашақ колледжінде сырттай білім алып, қаржы және аудит мамандығын алған. Одан кейін сол мамандығы бойынша 2013-2017 жылдары аралығында  Орал қаласындағы Қазақстан ақпараттық технологиялар және менеджмент институтында (КазИИТУ) сырттай оқып, жоғары білім алып шығады. Осылай әскери бөлімнің қаржы қызметінде көмекші қызметкер болып кіріп, бүгінде қаржы қызметінің бастығы лауазымында қызмет атқарып жатыр. 2000 жылы Алматы қаласының тумасы Алмағамбетов Бауыржан Зиядинұлымен отау құрған. Бүгінгі таңда бір ұл, төрт қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана.

Бибігүл ханым әскери қызметке қатты қызыққан. Оның қаншалықты ауыртпашгылығы бар екенін біле тұрса да оған мойымай ер азаматтармен иық тіресе жүріп қызмет атқарып келеді. Мамандығы және қызметі қаржы саласы болса да әскерилердің дене дайындығы, атыс дайындығы, әскери-тактикалық дайындық жаттығуларын тиянақты орындайды. «Әскери қызметте – қатаң тәртіп пен бұйрық. Ал қаржы саласында – сауаттылық пен тиянақтылық. Осы екі қызметті үйлестіру мен үшін үлкен жетістік әрі жеңіс болды»;– дейді Бибігүл Байтемірқызы.  20 жылдан аса жұмыс өтілі бар Бибі ханым қызметінен тыс бала тәрбиесімен айналысып, тігін тіккенді, саяхат жасағанды, дәмді ас әзірлегенді ұнатады. Әскери қызметтегі келісімшарты 2025 жылдың алтыншы маусымында аяқталады. «Келісімшарт мерзімі біткеннен кейін қандай жұмыс атқаратынымды ойламаппын. Бәлкім қызметімді әрі қарай жалғастырамын немесе зейнеткерлік демалысқа кетіп ұл-қыздарымды құтты орындарына қондырып, немерелерімнің қызығын көріп отыратын шығармын»; – дейді қуанышпен Бибігүл ханым.  Осынау ұзақ қызметі арасында әскери қызметкерлер мен әріптестері арасында іскерлігі мен батыл да қайсар мінезімен жоғары мәртебе мен зор абыройға кенеліп, құрметті Бибі ханым атанып, бүгінде асқан сый мен құрметке ие.

Құрметті қазақстандық қаржыгерлер! Құрметті 6656 әскери бөлімінің қаржы қызметкерлері және Бибібүл ханым! Сіздердің барлығыңызды келіп жеткен«Қаржыгерлер және ұлттық валюта күніне орай біздің ең ыстық құттықтауларымызды қабыл алыңыздар! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспіз. Дендеріңіз сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімізді білдіреміз! Отбасыларыңыз, ұл-қыздарыңыз, жақындарыңыз аман болсын. Кәсіби қызметте үздік болып, үлкен абырой мен сый-құрметке ие болып жүре беріңіздер.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика