334 rob
Жетісу облысы әкімінің міндетін атқарушының өкімімен Ұлан Әлдибекұлы Досымбеков Қаратал ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ұлан Әлдибекұлы Досымбеков 1984 жылы туған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану, Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын есеп және аудит, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Көксу ауданы мәслихатының бас маманы болып бастады.
Әр жылдарда Көксу ауданы Алғабас ауылдық округінің әкімі, Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары болды.
2022 жылдың қарашасынан – Қаратал ауданы әкімінің орынбасары.
Жетісу облысы әкімінің міндетін атқарушының өкімімен Ерлан Шойұлы Исабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қаратал ауданының әкімі лауазымынан босатылды.
Источник: qazaq.asia