Қарағандылық боксшылар бірден екі маңызды жарыста жақсы нәтиже көрсетті

Қарағандылық боксшылар бірден екі маңызды жарыста жақсы нәтиже көрсетті

254 rob

Фотосурет: Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша

Жас қарағандылық боксшылар бірден екі үлкен жарыста жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Спортшылар әлем чемпионатында үш медаль, Қазақстан біріншілігінде жеті медаль иеленді.

Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Армения астанасында өтті. 57 елден 600-ге жуық боксшы қатысты. ҚР құрамасы Ресей, Армения және Өзбекстаннан кейін командалық есепте төртінші орын алды.

Қазақстандық спортшылардың қоржынында 10 медаль бар: төрт алтын және алты қола. 

Бұл нәтижеге Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-интернат – колледжінің тәрбиеленушілері де өз үлестерін қосты – Нығмет Нығман, Алина Құдайгенова және Айша Сариева қола жүлдегерлер атанды.

Қарағандылық жастар Орал қаласында өткен Қазақстан чемпионатында да жүлдегер атанды. Қарағанды облысының құрамасы екі алтын, үш күміс және екі қола жүлдеге ие болып, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Алмаз Нұрлан мен Иманғали Нұрпейіс чемпион атанса, Руслан Құлымбеков, Алексей Хаванцев және Дамир Синеев-күміс, Нұрислам Бекен және Дәулет Күмісбаев-қола медальді еншіледі.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика