218 rob
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағандыда №61 жалпы білім беретін мектеп базасында оқушылар арасында әскери үшсайыс бойынша ХІХ дәстүрлі қалалық жарыс өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Нысанаға ату, автомат пен оқсалғышты бөлшектеу және құрастыру бойынша 50 команда бақ сынасты.
Биылғы әскери үшсайыс бойынша жыл сайынғы жарыс Батырлар күніне орайластырылды, ол атаулы күндердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес 15 қарашада аталып өтіледі.
– Жарыстың мақсаты – әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, – дейді Қарағанды білім бөлімінің әдіскері Ольга Ульбрихт. – Команда қатысушылары орнынан нысанаға дәл тигізуден жарысты, алты рет атып, үздік нәтижелер жазылды. Командаларда екі қыз және екі ұл бар. Сондай-ақ, АК автоматы мен оқсалғышты жылдамдықпен жину және бөлшектеу бойынша жарысты.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды Ж. Тәшенов атындағы ЖББМ оқушылары иеленді, екінші орынды № 53 мектеп-лицейінің оқушылары иеленді. Үздік үштікті № 61 ЖББМ оқушылары жапты.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, әскери-қолданбалы өнер бойынша жарыстар оқушылардың мінездерін шыңдап қана қоймай, оларға мамандық таңдауға да көмектеседі.
Желтоқсан айында Қарағанды білім бөлімі ұлдар арасында,
ал наурыз айында қыздар арасында ату жарыстарын өткізбекші.
Источник: qazaq.asia