88 rob
Фотосурет: Gov
24 қаңтарда 02-56-да кезекші қызметке Қарағанды қаласының Степной-4 шағын ауданында өрт шыққаны туралы шақыру келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Өрт сөндіру бөлімшелері шақыру орнына келіп, 10 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабаттағы пәтерінде жалпы алаңы 3 ш.м. үй заттары мен жиһаздың өртеніп жатқаны анықталды. ТЖД күштері баспалдақ маршымен кіреберіс пәтерлерінен 20 адамды эвакуациялады, оның 5-уі бала болды. Өрт 03-30-да жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын — ала себебі-электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Пәтеріңіздегі өрт кезінде қабылданатын әрекеттер:
- Ең алдымен, құтқару қызметтеріне ең толық ақпаратты: мекен-жайын, өрт шыққан жерін, өз деректерін хабарлау арқылы хабарлау керек;
- Әлсіз және еңбекке жарамсыз азаматтарды, балалар мен қарттарды эвакуациялау. Бұл ретте адамдарды ғимараттың сыртына шығару керек, лифтті қолдануға мүлдем болмайды.
- Егер өрт аймағы аз болса, қол астындағы құралдарды пайдаланып, өртті өз бетіңізше оқшаулауға тырысыңыз. Өртті сөндіру үшін су құйылған ыдысты пайдалануға болады.
- Егер сұйықтық (май, еріткіш) жанып жатса, су құйып сөндіру жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін, кез-келген тығыз материалдарды (мысалы, киіз) қолданған жөн.
- Егер сіз өрттің таралуының алдын ала алмасаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төніп тұрса, алдымен есіктер мен терезелерді мықтап жауып, бөлмеден тезірек шыққан дұрыс.
Алдыңғы есіктен шығуға мүмкіндік болмаса, балконға барыңыз, есікті артыңыздан мықтап жабу керек, егер өрт баспалдақтары болса, солармен төмен түсіңіз. Матадан бұралып жасалған импровизацияланған арқандардың, түрлі шлангтардың және т.б.көмегімен түсу ұсынылмайды, мұндай құралдарды өте қажет болған жағдайда ғана пайдалануға болады.
Бұл өрт кезіндегі негізгі іс-әрекеттер, және есіңізде болсын, өрт ошағы бар бөлмеде терезелерді ашпаңыз, себебі оттегінің түсуі өрттің қарқындылығын күшейтеді.
Өрт кезінде түтінді дәліздер немесе баспалдақтар арқылы эвакуациялануға тырысу қауіпті.
Төтенше жағдайда, түтінді бөлмелерден өту керек, алдымен тыныс алу жолдарын дымқыл шүберекпен жабу қажет.
Егер өрт пәтерден тыс жерде болса, онда ең сенімді нұсқа – өрт сөндірушілер келгенге дейін, пәтерден шықпай тұра тұру. Ол үшін алдыңғы есіктің саңылауларын дымқыл шүберекпен қымтау керек немесе есікке дымқыл көрпе іліп қою қажет. Бұл шаралар түтіннің алдын алуға көмектеседі.
Егер баспалдақ торында ашық жану болмаса да, онда түтіннің концентрациясы қалың болады, сол себепті сіз бәрібір көшеге шығып үлгермейсіз.
Источник: qazaq.asia