246 rob
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі
Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ шет тілдер факультетінде түрік тілі мен мәдениеті орталығы ашылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жаңа кабинетте сабақтар мен түрлі тақырыптық іс-шаралар өтеді.
Арнайы орынды Түрік ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігі (TIKA) жөндеп, жабдықтады. Ұйым бүкіл әлем бойынша түрік тілін қолдау және дамытумен айналысады.
– Бұл Қазақстанда TIKA ашқан төртінші орталық, – дейді Шет тілдер факультетінің деканы Гүлназ Тілеужанова. – Жөндеу жұмыстары толығымен жасалды, дизайн үшін жағымды түстер қолданылды. Үстелдер, орындықтар, сондай-ақ техника сатып алынды. Жұмыс істеу үшін үлкен экран, мультимедиялық панель бар. Мұнда екінші жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Түркиядан келген екі дәріскер де сабақ өтеді. Сонымен қатар тәрбиелік және танымдық сипаттағы түрлі іс-шаралар мен шеберлік сыныптары да өткізілетін болады.
Бүгінде ҚарУ-да 500-ден астам студент түрік тілін оқиды. Жаңа орын жайлы жағдайда білім алуға мүмкіндік береді.
Источник: qazaq.asia