156 rob
Фотосурет: АР
Қарағанды Достық үйінде 29 қаңтар, жексенбі күні облыстық қолөнершілер форумы өтеді. Шеберлер өз шығармашылықтарын таныстырады, сонымен бірге бір-бірімен тәжірибе алмасады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шараны өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Іскер әйелдер қауымдастығы, ҚХА Аналар кеңесі ұйымдастырды.
Қолөнершілердің бұйымдарын сататын көрме болады. Сонымен қатар шеберлік сабақтары өтеді. Форум қатысушыларына өз ісін дамыту және ілгерілету үшін пайдалануға болатын мемлекеттік бағдарламалар туралы айтылады.
Қолөнершілер форумы сағат 09:00-де басталып, 16:00-ге дейін жалғасады.
Источник: qazaq.asia