244 rob
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі
Достық үйінде Қарағандының 90 жылдығына арналған өңірлік сувенир шеберлері байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бас жүлдені екі туынды жеңіп алды – Kazakhstan-NOMAD панносы және «Көмірлі Қарағанды» ағаштан жасалған композициясы.
– Келер жылдың ақпан айында Қарағандының 90 жылдығы өтеді, ал байқау қазан айында жарияланған. Негізгі шарт-тақырыпты аша білу, яғни туындыларда біздің қаламен байланысты барлық нәрсені көрсетуге болады. Кәдесыйлар мұқият таңдалды. Олардың әрқайсысында қалаға деген сүйіспеншілік байқалады. Сайысқа Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Ақтастан жиналған шеберлер 32 жұмыс ұсынды. Арасында балалар да бар. Ең жас қатысушы-8 жаста, ең үлкені-70. Байқау ашық әрі тегін өтті, – деді «Шебер » сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығы ҚБ ұйымдастырушысы және өкілі Татьяна Грибанова.
Байқауға жұмыстар төрт номинация бойынша қабылданды:
- этно стильдегі кәдесый (киізден жасалған бұйымдар, халық қолөнері, киім-кешек және зергерлік бұйымдар);
- интерьер кәдесыйы (панельдер, картиналар, кружкалар, вазалар);
- кәдесый-миниатюра (магниттер, кілттер, белгішелер);
- тоқыма, тоқылған кәдесыйлар.
Қазылар алқасы бас жүлде иегерлерімен қоса әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.
Бас жүлдені Kazakhstan-NOMAD панелі және «Көмірлі Қарағанды» ағаштан жасалған композициясы бөлісіп алды.
Kazakhstan-Nomad туындысы – Галина Переплеткина мен Қайрат КЭЙ-КЭЙдің шығармашылық тандемінің нәтижесі.
– Kazakhstan-NOMAD панел – Қайрат Кэй-Кэй бірлескен еңбегіміз. Ол былғарыдан жасалған. Туындыда Қайраттың суреті бейнеленген, рамка ретінде жергілікті қарағаштың бұтақтары қолданылған. Мұндай байқау-көрмелер шеберлерге қажет: шығармашылыққа шабыттандырады, – дейді қол гравюрасы және теріге бедерлеу шебері Галина Переплеткина.
«Көмірлі Қарағанды» ағаш композициясы – Сергей Бакарасовтың жұмысы.
– Мен бұрын ағаш ұстасы болғанмын. Ағашпен жұмыс істегенді ұнатамын. Мен сандық жасаймын деп отырған едім. Тап сол уақытта досым байқау туралы айтты. Осылайша Қарағандының қазынасы дүниеге келді: сандықта – көмір, шамдар-отты, ошақты, сары жақтаудағы айналар – даланы, көк түс – біздің аспанды бейнелейді. Ағаш пен майды қолдандым. Материалдар пайдаланылған дүниелерден алынды: сандыққа ағаш түпқоймадан алынды, ішінара фанера қолданылған; шамдарды – сынған ағаштардың діңдерінен; айналар да ескі ағаштан жасалған. Экологияға мән беруге тырысамын, – дейді Сергей Бакарасов.
Жеңімпаздарға, жүлдегерлерге және қатысушыларға этностильдегі сыйлықтар мен кәдесыйлар табысталды. Гран-при иегерлерінің есімдері World Beauty Kazakhstan журналында жарияланады.
Сондай-ақ, Байқау нәтижелері бойынша қатысушылар каталогын шығару жоспарлануда.
Конкурстың ұйымдастырушылары – «Шебер» сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығы» ҚБ, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, Қарағанды облысы бойынша орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы және «Казачья вольница» ҚБ.
Источник: qazaq.asia